Қарағанды облыстықмәслихаты

Депутаттық сауалдар


«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес

Мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.

Депутаттық сауалдың жауабы жазбаша түрде, бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде берiлуге тиiс. Депутат сауалға берiлген жауап бойынша өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы.

Прокурордың атына берiлген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиiс.