Қарағанды облыстықмәслихаты

Жаңалықтар

22 Қараша, 2019

2019 жылғы 21 қарашада Қарағанды облыстық мәслихатында заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы болып өтті.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджет жобасын қараудың бекітілген кестесіне сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихатында 3 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет жобалары қаралды:

– Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті;

– мобилизациялық дайындық басқармасы;

– Қарағанды облысының полиция департаменті.

Аталған салаларды дамытуға бағытталған, алдағы үш жылдық кезеңге арналып қарастырылған бюджеттік шығыстар жобасын Қарағанды облысы қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина таныстырды.

Айталық, 2020 жылға азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға; облыста мобилизациялық дайындықты үйлестіруді жүзеге асыруға; сондай-ақ өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерін барынша тиімді орындауы үшін ішкі істер департаменті мен оның бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз етуге қажет қомақты қаражат қарастырылған.

Оның ішінде: арнайы автокөлік сатып алу, материалдық-техникалық базаны нығайту, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеуден өткізу, бірлескен командалық-штабтық және кешенді оқу-жаттығуды ұйымдастыру және өткізу қарастырылған. 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің баяндамаларын тыңдап және талқылай келіп заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия облыстық бюджеттік жобасын облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының қарауына енгізуге қаулы қабылдады.

Вернуться назад