Қарағанды облыстықмәслихаты

Жаңалықтар

28 Қараша, 2019

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы

2019 жылғы 28 қарашада Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы болып өтті. Оған депутат Ж.Ж.Мұхамеджанов төрағалық етті.

Сессияда 2019 жылға арналған бюджетке өзгерістер енгізілді. Қазына қорында босалқы қалған қаражаттар әлеуметтік салаға бағытталатын болады. Спорт, білім беру және денсаулық сақтау салалары нысандарының құрылыстары жалғасады. Қосымша қаражат сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көліктік инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.

Кезектен тыс ХХХІІІ сессияда депутаттар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жөніндегі жобалардың жаңартылған тізімін бекітті. Бұл тізімге тағы бес нысан қосылды: Шахтинск қаласындағы 25 орындық бөбекжай, Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы емхана, Жезқазған өңіріндегі томография, зертханалар және медициналық ұйымдар орталығы, Қарағанды қаласындағы маммология орталығы. Жобалар жақын уақытта іске асырылады деп сендірді экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқанов.

Сонымен қатар, кезектен тыс ХХХІІІ сессияда сыртқы жарнаманы орналастыру ережелері бекітілді. Депутаттар үдемелі индустриалдық даму жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қолдады. Оның төрағасы ендігі жерде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек болады.

Вернуться назад