Қарағанды облыстықмәслихаты

Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар


«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабына сәйкес

  1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.
  2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
  3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзу тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.